Алты облыста бұршақ пен дауыл болжануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 22 шілде күні еліміздің басым аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың батысында, оңтүстік батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.