Николас Кейдждің шапан киген суреттері желіні жаулады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Николас Кейдждің шапан киіп тұрған фотосы кеңінен тарап, күлкілі коллаждарға түрткі болды. Барлығы оның шапанын емес, бетіндегі эмоциясын келемежге айналдыруда. Соңғы екі күннің ішінде Голливуд жұлдызының мемге айналған фотоларын Ресей мен Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары да басып үлгерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.