Шымкентте ата-аналардың 30 пайызға жуығы оқулықты өз қаражаттарына алады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік оқушыларды кітаппен қамтамасыз етуге қазынадан 1 млрд 300 млн теңге жұмсалады. Сөйтіп, биылғы оқу жылында 2,5 және 7-ші сынып оқушыларына 100 пайыз кітап беріледі. Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.