ОҚО-да киелі жерлер тарихын жаңғыртқан байқау өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында құрылған «Қасиетті Қазақстан» орталығының күнгейлік белсенділері «Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері» байқауын ұйымдастырды. Сайысқа облыс аумағындағы 25 мұражай өкілдері қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.