Сасық иістен мезі болған ақтөбеліктер биліктен мәселенің шешімін сұрады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаз бойы қолқаны қабатын сасық иіс тұрғындардың мазасын алады. Аллергия, қан қысымы дертіне шалдыққандар бүгін қаладағы «Денсаулық» саябағына жиналып, биліктен шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.