Нұрлан Ермекбаев: Діндегі қайырымдылықты өркениетті жолға түсіру керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының құрылғанын жариялаған еді. Сосын Қорға байланысты қоғамда әртүрлі алып-қашпа әңгімелер пайда бола бастады. Атап айтқанда, Қордың есебінен тек имамдар жалақысы ғана төленеді деген пікір де бар. Осыған байланысты «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі Нұрлан Байұзақұлына бірнеше сауал жолдап, «Уақып» қайырымдылық қоры қызметіне қатысты түсініктеме беруді сұраған еді.