«Жас ұландықтар» ұшудан емтихан тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Астана қаласы «Авиациялық оқу орталығының» «Жоламан» аэродромында ТЛ - 2000 ұшағымен емтихандық ұшулар тапсырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.