Түркияда екі күнде 5 ресейлік турист қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндерінде Түркияның түрлі курорттарында 5 ресейлік турист қайтыс болған. Бұл туралы Ростуризм-нің баспасөз қызметі Ресей Сыртқы істер министрлігінің дағдарыс орталығының мәліметтеріне сүйене отырып хабарлады, дап жазды Риа Новости.