Түймебаев Шымкентте көпқабатты үйлерді салып баспана кезегін азайтуды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс. Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.