8 тамыз күні Қазақстанда аптап ыстық сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 тамыз күні Қазақстанның басым аймағында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың тек сотүстігінде, батысында және шығысында ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.