Франциялық «Danone» компаниясы шұбатты зерттеп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы сүт өнімдерінің бірсыпыра түрін өндіретін «Danone» компаниясы лабороторияларында шұбатты зерттеу үстінде. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.