Ақтөбеде су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасы күркеде тұрып жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Махамбетовка бау-бақша ұжымында тұрып, су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған Қырқынбаевтардың біреуіне жерді кәсіпкер сыйға тарту етті. Үй салуға қаржысы жоқ отбасы қазір темірден жасалған күркеде тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.