National Geographic Астана туралы фильм түсірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал National Geographic телеарнасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты нысаны - «Нұр Әлем» сферасы туралы деректі фильм түсірді. Қала көркінен шабыт алған түсірілім тобы бір ғимараттың ғана емес, ен далада бой көтерген тұтас Астананың қалыптасу тарихын бейнелеуді ұйғарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.