Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» ескерткіші салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Қазақ еліне мың алғыс!» ескерткіші салынады. Бұл туралы бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі сарапшылар тобының отырысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.