Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа райы болып, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, тек Республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.