Сенбіде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамызда еліміздің басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман бақыланады. Оңтүстіктің және батыстың кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.