Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні елдің басым бөлігінде күн ашық болады. Оңтүстік шығыста, елдің орталығы мен шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Елдің оңтүстігінде жел күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.