Көкпардан әлем чемпионаты: Тәжікстан қола жүлдегер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бүгін көкпардан әлем чемпионатының соңғы күні әрі шешуші кезеңі өтіп жатыр. Халықаралық спорт додасының қола жүлдесі үшін финал алдында Тәжікстан мен Қытай құрамалары кездесуі 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.