ОҚО-да журналистер мен блогерлер киелі жерлерді аралап қайтты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Руxани жаңғыру: Оңтүстіктегі туризмді насиxаттаудың заманауи теxнологиялары» тақырыбында журналистер мен блогерлерге арналған семинар-тренинг өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шара аясында семинарға қатысушылар оңтүстіктегі киелі жерлерді аралап, жергілікті шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.