Шымкентте өткен жәрмеңкеде 1666 бос жұмыс орны ұсынылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің Халықты жұмыспен қамту орталығы «Орталық» саябақта бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесін ұйымдастырды. Еңбек жәрмеңкесіне қаладағы 256 кәсіпорын қатысып, 1666 бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.