Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтарды сыртқа шығару қажет
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының 115 білім нысанында қазандықтар ғимараттың ішінде орналасқан. Осыған байланысты, оларды сыртқа шығару бойынша жұмыстар жүргізілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің төрағалымен өткен аппарат мəжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.