Шымкентте қатты дәрі-дәрмектер шығаратын кәсіпорын жұмыс істей бастады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Химфарм» зауытында пероральды қабылдауға арналған қатты дәрі-дәрмектер шығаратын жаңа цех іске қосылды. Жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы кәсіпорынның өнімі кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.