Қазақстанда тегін медициналық көмектің кейбір түрлері шектелмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында кейбір медициналық қызметті шектеуді ұсынады. Бұл туралы бүгін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.