Астана әкімдігінде қысқы маусымға әзірлік мәселелері талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев жедел жиын өткізді, оның барысында ол «Астана ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындығы мен жұмысына қатысқан қаланың барлық қызметтеріне алғысын білдірді. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.