Елбасының журналистермен сұхбаты: Трамппен әңгімеден бастап латын әліпбиіне дейін...
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосып, қоғамды толғандырған сауалдарға журналистер арқылы жауап беру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік қызметінің бір қыры. Бұндай дәстүр бүгін де жалғасты, Ақордаға отандық және шетелдік БАҚ өкілдері жиылып, олардың қоғам өміріндегі маңызды сан-салалы сұрақтарына Елбасы жауап берді.