БҰҰ бас хатшысы адамзатқа төнген қауіптер туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаппай қырып-жою қаруларын қолдану, халықаралық терроризм, әскери қақтығыстардың көбеюі, климаттың өзгеруі және ғылыми прогрестің кері салдарлары адамзат болашағына қауіп тудырып отыр. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 72- сессиясында бас хатшы Антонио Гутерриш айтты, деп хабарлайды ТАСС.