Біртанов МӘМС туралы: денсаулықты жекеменшік компанияда сақтандыруға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды. Сол жерде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жарналарды жеке есеп-шотта жинауға қатысты сұраққа жауап беріп, әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.