Тоқтар Төлешов ісінің екі фигурантына үкім оқылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты «сыра королінің» бұрынғы сыбайластарына үкім шығарды. Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы қызметкері 35 жастағы Мадияр Мұсаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сыра зауытының бұрынғы бас есепшісі Светлана Лукинаға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Еңбекші аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьясы Светлана Шыналиеваға сілтеме жасап.