ОҚО-да ұлағатты ұстаздар марапатталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ұлағатты ұстаздар марапатталды. Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов ардагер ұстаздар мен білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген білікті мұғалімдерді қабылдап, олармен болашақ ұрпақ тәрбиесі мен білім деңгейі жайында кеңінен әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.