Ерлан Қарин: «Silk Way Star» жобасын шетелдің бірқатар телеарналары көрсетуге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық тележобаға алғаш рет халықаралық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдары назар аудара бастады. Атап айтқанда, «Qazaqstan» ұлттық арнасында жүзеге асқан қазақстандық бірегей жоба - «Silk Way Star» туралы қазіргі күні Түркияның, Әзербайжанның, Өзбекстанның, Қырғызстан мен Башқұртстанның және басқа да елдердің беделді бұқаралық ақпарат құралдары жаза бастады. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті.