Қазақстандық судья Еуропа одағының ғылым докторы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы соттың судьясы Ақылтай Қасымов Варнен университетінде (Болгария) заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шаралары: теория және практика проблемалары» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап шықты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.