Қазақстанда құрылыс жұмыстары қаңтар-қыркүйек айларында 3,5%-ке артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 2264,7 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ке көп деген сөз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.