«Арыс жағасында» ретро-фестивалінде елімізге белгілі бес сазгердің әндері шырқалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтті. Өңірде сегізінші рет өткізіліп отырған мерекелік кеште елімізге белгілі Тұрдықылыш Ізтай, Мұхтар Құралов, Құралай Сәтмұханбетова, Лесбек Аманов, Ержан Серікбаев сынды композиторлардың әндері орындалды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.