Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын - Түймебаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Жас Отан» Жастар қанатының ІV Съезі аясында «Жастар Отанға!» саяси лагеріне арнайы қатысу үшін келген көшбасшы жастармен дөңгелек үстел басында кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.