Архив құжаттары латын əліпбиіне ауыстырылмайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Орталық мемлекеттік архивтегі тарихи құжаттар латын графикасына түсірілмейді. Бұл туралы мемлекеттік мекеменің басшысы Абзал Ботанов ұжыммен өткен жиналыста айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.