Ақтөбедегі өндіріс орындары жұмысшыларына 47 миллион теңге қарыз
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жұмыс берушілер еңбеккерлеріне 47,5 миллион теңге қарыз. Қазіргі күні облыста 4 кәсіпорын жұмысын тоқтатып, жетеуі банкрот болды. Бұл туралы облыс әкімдігіндегі өткен еңбек қатынастарына қатысты жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.