Бишімбаев қылмысын мойындамай отыр - Ұлттық бюро
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қуандық Бишімбаев қылмысын мойындамай отыр. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметінің ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысына арналған брифингте ведомствоға қарасты Тергеу департаменті директорының орынбасары Олеся Кексель айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.