Мысырда төрт бірдей көлік соқтығысып, 16 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр еліндегі Асьют - Қызыл теңіз күре жолында төрт бірдей көлік соқтығысып қалды. Апат салдарынан 16 жергілікті тұрғын қаза тауып, тағы тоғызы жарақаттанды, деп хабарлайды "Ватан" порталы.