East Wings компаниясының Ан-28 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті East Wings компаниясының Ан-28 ұшақтарының ұшуын тоқтатты. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.