Елордада балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың азаю үрдісі байқалады. Егер 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272-ні құрады, деді қалалық білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозин мәслихаттың әлеуметтік-медени мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысында.