Астаналық тұрғын «Т» ЖШС-на тиесілі жер учаскесіне үй салып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында «Т» ЖШС-на тиесілі жер учаскесіне азамат С-ның алаңы 130 ш.м. тұрғын үйді заңсыз салғаны анықталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.