Уақыт жайлы ертегі
Сабағын оқи сала кешегі ойында кеткен есесін қайтару үшін Батыр компьютерге шүйлікті. Ата-анасы баласының сабағына керек болар деп жинаған ақшаларына осы компьютерді алып бергелі Батыр үйден шықпайтын болды. Сабақтан келе сала алдына қонжиа кетеді. Демалыс күндері тіпті күні ұзақ отырады.