Сирек элементтер. Ниобий және тантал
XVII ғасырда Солтүстік Америкада қара түсті слюданың алтын сызықтары бар минералы ашылған. Оны Англияға жібереді, бұл минерал Британ музейінде 150 жыл жатты. 1801 жылы химик Хатчет осы минералды зерттеуге кірісіп, құрамынан темірді немесе қышқылды оксидтің қасиеті бар белгісіз затты тапты. Бұл жаңа элементті колумби, ал минералды колумбит (минералды тапқан жер – Колумбия – Америка) деп аталады.