Астана процесі: Сирия бойынша кезекті келіссөздер күні белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесі аясында Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық кездесу 21-22 желтоқсан күндері өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.