Сенбіде Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.