Алты Наполеон
Скотланд-Ярдта қызмет істейтін тыңшы мистер Лестрейд кешкілік уақытта ара-тұра бізге жүз көрсетіп қоятын. Шерлок Холмс оны қуана қарсы алатын, өйткені Лестрейд сан қилы полициялық жаңалықтарды ала келетін, ал бұған дән риза Холмс тыңшыға тапсырылған істердің жай-жапсары жайындағы егжей-тегжейлі әңгімеге соның өтеміне ықыласпен құлақ қойып, оз тәжірибесінің асыл қазынасы мен ұланғайыр білім танымынан туындап жататын ақыл-кеңесін оған елеусіз түрде құлаққағыс етіп отыратын.