Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы фильм жарыққа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы туралы «Қазақстанның әлемдік биіктігі» атты деректі фильм жарыққа шықты. Бұл туралы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің желідегі парақшасынан мәлім болды.