Алдын ала мәлімет: Апатқа ұшыраған Ан-148 бортында қазақстандықтар болған жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәлімет бойынша, 11 ақпан күні Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.