ОҚО әкімдігінде Елбасы тапсырмалары талқыланды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аудан, қала әкімдерімен селекторлық жиын өтті. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте 9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жүктеген міндеттерді өңірде жүзеге асыру жайы талқыланып, бірқатар сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.