Қызылордалықтар бұдан былай бастапқы төлемсіз тұрғын үй алмақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.